«Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ семинар өткізіліуі туралы

семинар кеңес

       Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысының м.а. А. Тулегенқызы мен халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Д. Т. Сенгербаевпен "Аяла" Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-де  (бұдан әрі- АӘҚК орталығы) семинар - кеңес ұйымдастырылып өткізілді.

      Семинарға АӘҚК орталығы директоры, директордың орынбасары, әлеуметтік қызметкерлер және т.б. қатысты. Кездесу барысында қатысушыларға 2015 жылдың 26 наурыздағы №165 "Стационар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартының" ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №238 бұйрығымен  еңгізілген өзгерістер мен толықтыру нормалары және  арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамызындағы №379 бұйрығын іске асыру және қолдану барысы туралы  түсіндірілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м. а. 2016 жылғы 24 ақпандағы №139 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін және мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" заңнамасына түсініктеме жұмыстарын жүргізді.

 

Қазақ
ТіркемеКөлем
Image icon 2.jpg4.08 MB
Image icon 3.jpg3.87 MB