Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын енгізуі қазақстандықтардың зейнетақысына қалай әсер етеді?

Жаңалық

    2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына 5 пайыз мөлшерінде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) енгізіледі. 

Бұл нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңымен қабылданды.

Жұмыс берушінің зейнетақы жарналарын енгізу мақсаты қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеру, жұмыскердің еңбек өтіліне сәйкес зейнетақыныңлайықты мөлшерін қамтамасыз ету болып табылады.

Осылайша, қызметкердің жеке зейнетақы шотына ай сайын жалақының 15 % түсетін болады: 10 % – қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары, 5 % – жұмыс берушінің меншікті қаражаты есебінен зейнетақы жарналары.

Жаңалық барлық жұмыс істейтін азаматтарға, оның ішінде жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылады. ЖМЗЖ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар негізінде жұмыстар мен қызметтерін орындайтын адамдарға; зейнеткерлік жастағы жеке тұлғаларға; әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдардың қызметкерлеріне; еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға; ай сайын өмір бойғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларға қолданылмайды.

Жұмыс берушілерден келіп түскен зейнетақы жарналары жеке тұлғалардың меншігі болып саналмайды және мұраға қалдырылмайды. Бұл қаражат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активінде болады және зейнеткерлер арасында қайта бөлінетін болады.

Бұл жаңалық қызметкер жалақысының азаюына себеп болмау керек, өйткені еңбек жағдайы және жалақының мөлшері еңбек шартында ескеріледі, ерекше айтамыз. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек шартында әрбір өзгерістер қызметкер мен жұмыс берушінің тек қана екі жақты келісімі бойынша енгізілу мүмкін.

Егер еңбек құқықтары бұзылған жағдайда, жұмыскер жұмыс орны бойынша еңбек инспекциясы немесе Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне телефондар бойынша 74-34-91, 74-35-72 (еңбек қатынастар басқармасы) шағымдану құқылы.

ЖМЗЖ енгізу бойынша нормалары жүзеге асыру үшін, ЖМЗЖ есептеу және аудару, сонымен қатар ЖМЗЖ есебінен төлемдерді жүзеге асыру бойынша бойынша тетіктері көзделген тиісті Қағидаларыәзірленген. Қағидалар жобалары Министрлік сайтында орналастырылған(https://www.enbek.gov.kz/ru/node/360804; https://www.enbek.gov.kz/ru/node/360919).

Мысалы үшін, жұмыскер 33 жыл еңбек өтілімен және жалақысы 172 мың теңгемен алайық (бүгінгі таңда орташа жалақысы). 33 жылда жұмыскердің жалақысынан инвестициялық табысын ескере отырып 10-пайыздық зейнетақы жинақтары шамасы 12,7 млн. теңгені құрайды. Бұл ретте, жалақының өсімі ескерілмейді. Зейнеткерлік демалысқа шығу кезде жұмыскердің зейнетақысы 140 мың теңгені құрайды, оның ішінде жинақтаушы – 110 мың теңге, базалық – 30 мың теңге.

Алайда, ұқсас жағдайда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) енгізу есебінен жұмыскердің зейнетақысы 50 мың теңгеге көбейеді және шамасымен 190 мың теңгені құрайды.

Қазақстанда шамасы 2,2 миллион зейнеткерлер есептеледі. 2019 жылғы 1 шілде бойынша зейнетақының орташа мөлшері 85 697 теңгені құрайды, оның ішінде базалық – 26 978 теңге, ынтымақты – 58 719  теңгені құрайды.

Қазақ
ТіркемеКөлем
Image icon PHOTO-2019-08-01-11-33-11.jpg14.6 KB