Алматы облысында АӘК алатын көпбалалы ана сұлулық салонын ашты

       

Алматы облысының Қапшағай қаласында көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) алып және әлеуметтік келісімшарт шеңберінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысып, сұлулық салонын ашты.

Көпбалалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету шаралары туралы біліп, 4 баланың анасы Әсия Алибаева Алматы облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (бұдан әрі - ЖҚҮӘБ) АӘК алу үшін құжаттарын тапсырды.

Қазақ

Б. Нұрымбетов атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа механизмдері туралы айтты

   

       ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мұқтаж азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) қалай көрсетілетінін айтты.

Қазақ

Алматы облысында 3 304 отбасына атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылды

           Алматы облысында 3 мың 304 отбасына табыстың жасырылуына байланысты атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) төлеу тоқтатылды, бұл отбасылар бюджетке 296 млн. 985 мың теңге қайтаруға тиіс.

          Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – ЖҚҮӘББ) басшысының орынбасары Бақыт Жақсыбаева өңір тұрғындарының әлеуметтік қызмет өкілдерін алдау фактілері туралы айтып берді. Оның айтуынша, АӘК тағайындау кезінде ең көп орын алған бұзушылық – нақты табыстарды жасыру болып табылады.

Қазақ